RU

Өзбекстан армиясы Орталық Азиядағы ең күшті әскер деп танылды

Халықаралық Global Firepower Index (Әлемдік әскери қуат индексі) ұйымының бағамына сәйкес, Өзбекстан күллі Орталық Азия аймағындағы жауынгерлік қабілеті мен қуаты ең күшті ел деп танылды.

Бұл туралы news-asia.ru хабарлады деп жазады ras.kz.

Әлемдік рейтингте Өзбекстан  54-ші орында тұр. Ал тізімді түзушілер қазір Өзбекстан қарулы күштерінің құзырында 420 танк, 65 тікұшақ, 700-ден астам жаяу әскерлердің жауынгерлік машинасы бар екенін атап көрсетеді.

Орталық Азияның басқа елдері бұдан айтарлықтай артта қалып қойған. Айталық, Қазақстан рейтингінің 66-шы сатысына орналасса, Қырғызстан – 78, Тәжікстан – 81 және Түрікменстан 90-орындарға жайғасқан.

Алғашқы бестікті АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Ұлыбритания құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897590-ozbekstan-armiyasy-ortalyq-aziyadaghy-e.html