RU

Шымкент әкімінің баспасөз хатшысы автобусқа мінгені үшін "сүйінші" сұрап, селфи жасады

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында қоғамдық көлікпен қалаға саяхат жасағаны туралы жазды.

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.

«Бүгін жұмысымды ертерек аяқтап, Өмір ағаның (аталған әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі. Авт.) ізімен қаланы біраз саяхаттадым. Қоғамдық көлікпен...» деп жазған баспасөз хатшы.

Одан өзге әлеуметтік желіні қолданушы жол ақысын жинайтын қызметшілердің «кондуктор» деген жазуы бар арнайы жейде кигеніне таңырқаған секілді. Әрине, қаладаға барлық қоғамдық көліктердің кондукторлары мұндай форма киеді деп айту қиын. Оған шымқалалықтар куә.

Әкімдік қызметкері қоғамдық автобустардағы Wi-Fi әлеуметтік желісінің істен шыққанын, оның себебін анықтағанын, қоғамдық көліктердің жұмыс сапасында жетістіктердің бар екенін алға тартып, өзіне түртіп алған кемшіліктерді қала әкіміне баяндайтынын жеткізген.

Бұл жазбадан соң әлеуметтік желіні қолданушылар тарапы өз ұсыныс-тілектерін қарша жаудырған. Бір қызығы, пікір жазғандардың арасында қаладағы қоғамдық автобустарда Wi-Fi бар екенінен мүлдем хабарсыз жандар бар болып шықты.

«Бізде Wі-Fі-ы бар автобус бар ма? Сонда автобуста отырып интернетке кіруге болады ма?» деп жазған пікір білдірушілердің бірі. Ал енді бірі биліктегілер рейд ұйымдастырып, біраз проблеманың басын ашуға болатыны туралы кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897601-shymkent-akimininh-baspasoz-khatshysy-av.html