Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы КСРО аймағында жоғалу қаупінде тұрған тілдердің тізімі жасалды (видео)

Опубликовано:

Бүгін елімізде Қазақстан халықтарының тілдері күні тойлануда. Осыған орай, Бұрынғы КСРО аймағында жойылу қаупі төніп тұрған 5 тілді moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап, назарларыңызға ұсынамыз.

ЮНЕСКО болжамы бойынша, осы ғасырдың аяғына дейін планета тілдерінің жартысына жуығы жойылып кетеді. Олардың бірталайы бұрынғы КСРО-ға кірген елдердің аймағында жоғалады деп күтілуде.

2010 жылы ЮНЕСКО «Жоғалып жатқан әлем тілдерінің атласын» жария етті. Атласқа 2500 тіл мен диалект енген. Бір ғана Еуропада жойылу қаупінде тұрған 212 тіл бар. Тағы 13-і таяу арада мүлдем жоқ болады деп күтілуде.

Молдавия, Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Болгария: ғағауыз тілі

Болгарлық диалектіде сөйлетін 100-ге жуық адам бар.

2012 жылы ЮНЕСКО ғағауыз тілін жойылып бара жатқан тілдер қатарына енгізді. Ғағауыз - түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізінен Молдованың Ғағауыз Ери автономиясында таралған. Ғағауыз тілінде сөйлейтіндер 160 мың адамнан аспайды. Ең сирек кездесетіні болгарлық диалектіде сөйлейтіндері. Оның халқы Болгариядағы Лудогорие аймағында тұрған.

Латвия: ливиялық тіл

Еркін меңгергендер саны - 0, үйреніп жүргендер саны - 40–50

Финдік-угорлық топқа енетін ливиялық тіл XIII ғасырдан өше бастады. Оны еркін меңгерген соңғы адам - Виктор Бертольд 2009 жылы қайтыс болды. Алайда 40-қа жуық еріктілер бұл тілді жаттап, сөйлеуге машықтанған. Қазіргі таңда шамамен 200 студент Латвия, Эстония және Финляндиядағы университеттерде аталған тілді үйреніп жүр.

Ресей, Норвегия, Швеция: саам тілі

Еркін меңгергендер саны: 2–20

Саам тілінде Еуропаның солтүстік аймағы - Лапландияның тұрғындары сөйлейді. Лапландия Норвегиядан Швеция мен Финляндия арқылы Ресейге дейін жететін ұлан-ғайыр мәдени аймақ. Бүгінде саам тілінің ондаған түрі сақталған.

Бұл тілдің жан-жақты болғаны соншалық, бір ғана "қар" сөзінің 300 синонимі бар. Саамдықтар мемлекет шекараларымен бөлініп қалғандықтан тіл ұмытыла бастады.

Бүгінгі таңда терскілік-саамдық тіл толықтай дерлік жойылған. Бұл тілдің этникалық өкілдерінің саны 100-ге жетіп жығылады. 2010 жылғы мәліметке сәйкес, олардың ішінде тек екеуі ғана ана тілін меңгерген.

Бабиндік-саамдық тіл де өмірін тоқтатуға шақ қалды. Оны меңгерген соңғы адам - Мария Сергина 2003 жылы қайтыс болды. Оның ізбасарлары тілді қайта жаңғырту үшін бар күштерін салуда.

Норвегиялықтар мен шведтер бастапқыда питтік-саамдық және умдік-саамдық тілде сөйлеген. Қазір бұл екі тіл жойлуға шақ тұр: еркін меңгергендер саны - сәйкесінше 10 және 20.  Олардың дені шведтік Арьеплуг аймағында тұрады.

Ресей: вод тілі

Еркін меңгергендер саны: 6–20

Халқының саны аз бұл тіл Ленинград облысының Эстониямен шекаралас Краколье және Лужица ауылында ғана сақталған. Бұл тілде шамамен 6-20 адам ғана сөйлей алады.

Вод тілі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолданыстан шыға бастады. «Сауаты жоқ шаруалардың» тілі ретінде қабылданғандықтан, халқы бұл тілден бас тартқан. Десек те 2014 жылы Виталий Чернявский меңгеруге септік болатын оқулықтар шығарып, тілді қайта жаңғыртудың қадамдарын жасап көрді.

Қырым, Литва, Украина: қарайым тілі

Еркін меңгергендер саны - 126

Түркі тілдерінің батыс қыпшақ тобына жатады. Бұл көшпенділер тілі Қырым халқы мен Литва КСР-нің Тракай ауданы және Польшаға таралған. 1959 жылғы халық санағы бойынша КСРО-дағы 5900 қарайымның 16,5 %-ы ана тілін қарайым тілі деп есептеген.

Әдеби тілі жоқ, бұрын (1840 жылдан бастап) кітап, журнал басқанда көне еврей, латын, орыс алфавиттерін қолданған.

Сонымен адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталатынын уақыт дәлелдеп берді.

"Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады", - деген болатын Ахмет Байтұрсынұлы.

"Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды" деп ой түйген Халел Досмұхамедұлы да тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт екенін айтып өткен.

Қазақстан халқының тілдері күні елімізде президенттің 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығымен қабылданғалы бері елімізде бұл мереке аталып өтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/897882-burynghy-ksro-aymaghynda-zhoghalu-qaupin/

pixel