RU

Қазақстанда семіздікке ұшыраған балалар саны көбейіп барады

Қазақстандықтардың дені семіздік дертіне шалдыққан. Мұндай жайтты медицина ғылымдарының докторы Орал Оспанов жайып салды.

Артық салмақтан өз еркімен арыла алмағандарға дәрігерлер хирургиялық жолды ұсынуда. Елімізде операцияның бұл түрі 2010 жылдан бері бар.

Күні бүгінге дейін 150-ге жуық адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Операция барысында асқазанның жартысы алынады. Нәтижесінде адам едәуір салмақ тастайды. «

Кеселмен дер кезінде күреспесе, қант диабеті немесе онкологиялық ауруларға да ұласуы мүмкін», - дейді мамандар.

"Артық салмақ қосу көрсеткіші қазір ересектерге қарағанда, балалардың арасында жиі кездеседі. Сондықтан балабақшадан бастап дұрыс тамақтанудың мәдениетін қалыптастыру қажет. Бариатриялық операция жасаудың маңыздылығын тұрғындардан бұрын кей дәрігерлер де түсінбей жатыр. Бұл операция арқылы басқа да аурулардың алдын алуға болады", - дейді Қазақстанның бариатриялық қауымдастығының президенті Орал Оспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/897958-qazaqstanda-semizdikke-ushyraghan-bal.html