Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меккедегі + 45 градуста оқылған жұма намазы

Опубликовано:

18 қыркүйекте (жұма күні) күллі әлемнен қажылыққа жиналған мұсылман үмбеті жұма намазда басқосты деп хабарлайды muftyat.kz.

Меккені жайлаған жамағат жұма намазына таң намазынан бастап дайындалады. Тіпті, таңғы құлшылықты өтеген жұрт сонда қалып, жұманы күтеді. Өйтпеске де болмайды. Себебі, әл-Харам мешітінің (Қағба тұрған орын) ауласы үлкен.

Табаныңыздан тозып, кіріп-шығуға бір сағат уақытыңызды шығындайсыз. Намаздан шығып, қонақүйге жаяулатып жетем дегенше, келесі парыз намаз алдыңыздан «күтіп алады».

Мекке Қағбасымен құнды. Мекке – тек құлшылықтың қаласы. Қу нәпсіні түрткілейтін тіршіліктің қызықтарынан ада.

Ыстық ауа, тақыр тау, адым сайын Алланың үйі. Азан шақырылғанда тіршілік тоқтайды. Бәрі мешітке қарай ағылады. Жұма күні тіпті адам нөпірі көп. Дәл осы күні ауа температурасы +45 градус ыстықты көрсетіп тұрды.

Хадисте айтылғандай, әл-Харам мешітінде оқылған намаздың сауабы өзге мешітте оқылған намаздан 100 мың есе артық. Күннің ыстығы, басқасы, қолайсыз жағдайлар мұндайда еленбейді. Намаз қабыл болса құп. Қалғанына шыдауға болады. Шыдаймын деп денсаулығы сыр беріп қалғандар да кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/898126-mekkedegi-45-gradusta-oqylghan-zhuma-nam/

pixel