RU

Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова келін атануға дайындалуда.

Бұл туралы Instagram желісіндегі "Жұлдызды жаңалықтар" тобы хабарлайды. Аталған топта Мөлдірдің той көйлегін таңдағаны жазылған. Сонымен қатар, тойдың Мөлдірдің туған жері Тараз қаласында өтетіні айтылған.

Әнші соңғы кездері сүйіктісімен түскен суреттерін жиі жариялап жүр. Әзірге жұлдыздың таңдауы түскен азаматтың тыңдармандарға тек түрі ғана таныс.

Еске сала кетейік, "Кешью" тобында өнер көрсеткен Әнел Әрінова мен Айдана Меденова да тұрмыс құрып, келін атанған еді.

Биыл келін атанған танымал шоу-бизнес жұлдыздарының ішінде Айдай Исаева мен Аша Матай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/898322-moldir-auelbekova-turmysqa-shyqqaly-zh.html