RU

Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар "жалған желтоқсаншыларды" қала билігі қолдап отырғанын айтты

Желтоқсаншылар арасында тағы да шу шықты. Бұл жолы алматылық ұйымдардың белсенділері 1986 жылы алаңға шыққан күрескерлердің атын жамылып, жымысқы әрекет етіп жүрген азаматтарға тоқтам салуды  талап етіп жиналды.

Айтуларынша, бірнеше азамат өздерін ұйым басшысы ретінде тіркеп, осы уақытқа дейін үкіметтен қаржы алып келген.

Жуырда ғана Алматы әкімдігі алдына шоғырланып, қала басшысына мұңдарын шақпақ болған желтоқсаншылар әкімдікке де өкпелі екендерін айтады. Себебі "жалған желтоқсаншыларды" қала билігі қолдап отыр ма деген күдікте.

Үнемі жиын өткізіп, өз наразылықтарын білдіретін желтоқсандықтар қоғамға қажетсіз күй кешудеміз дейді.

"Мына құжат, жоғарыда заң қабылданған. Енді керекті жерлерге апарсақ ешқандай жер мойындамай отыр. Негізі заңда бар, заң қабылданған. Төмендегі шенеуніктердің сауатсыздығынан біз осы жүгірісте әлі жүрміз", - дейді желтоқсаншы Айсұлу Кеңесқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/898382-zheltoqsan-oqighasyna-qatysqan-azamat.html