RU

Еліміздегі дөрекі жігіттерден көңілі қалған бойжеткен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты

Жақында кассир бойжеткенді тепкен астаналық жігіттің әрекетінен кейін бірталай нәзік жандылардың қазіргі заманауи жігіттерден сескеніп қалғаны құпия емес. Танымал қазақ жазушысы Дулат Исабеков осындай жігіттердің әрекетінен тұтас халықтың мәдениеті қандай деңгейде екені байқалып қалады.

Бұл туралы total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Дулат Исабеков жастармен жиі тілдеседі. Жоғарғы оқу орындарында дәріс беретін ол  жас жігіттерге жиі ақыл-кеңесін беріп тұрады. Жазушы қазіргі жігіттер нәзік жандыларға сыйластық таныта білу қажет деп санайды. Ол жастардың әр қадамы халық мәдениетінің деңгейін аңғартатынын ескертеді.

«Адамдарда жанашырлық азайып барады, менменшілдер дәуірі басталып кетті. Отбасы мен мектептегі тәрбие сапасы да төмендеген. Ауқатты отбасынан шыққан балалар өздеріне бәрі қызмет етуге міндетті деген көзқараспен тәрбиеленуде. Өздеріңіз ойлап көріңіздер. Біз қатыгездік пен мейірімсіздікті кімдерден жиі байқаймыз?  Қалталы, қызметі жоғары азаматтардың балаларынан. Мұндай тәрбие алған балалар қатыгез болса, табысы орташа отбасынан шыққандар, керісінше сыйластық пен сабырлық дегенді жақсы түсінеді.  Мұның бәрі біздің қоғамда байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықты аңғартады», – дейді жазушы.

Жәмилә есімді бойжеткен феминизимді жақтаушылардың қатарынан бір-ақ шығуы мүмкін екенін жасырмады. Себебі ол қазіргі заманның жігіттерімен қанша тіл табысуға тырысқанымен, көңілі талай қалған екен. Ол жігіттер неліктен мұншалық өзгерген деген сауал қоюда.

«Жігіттер қызғаншақ, сараң болып барады. Көбісі бірінші кезекте өздерін ойлайды. Ал бойжеткендер олардың асты-үстіне түсіп жүруі тиіс деп санайды. Барлық қиындықтарға біз кінәлі болып шығамыз. Менің құрбымды күйеуі жақында баласымен бірге тастап кетті. Ол Өзбекстан тумасы еді. Құрбыма үйленіп, азаматтық алғаннан кейін ізін суытты. Көлік сатып алып берген өзге әйелге кетіп қалды. Ал құрбым баласымен жалғыз қалды. Жігіт тек өзін ғана ойлайтын болып шықты», – дейді Жәмилә.

Жігіттерден талай көңілі қалған бойжеткен ендігі тұрмыс құруға асықпайтынын айтып отыр.

Астаналық жігіттің әрекетінен кейін тағы бір бойжеткен секем алып қалған екен.

«Бүгінде жігіттер өзін бірінші кезекке қояды. Жақсылық, жанашырлық дегенді ұқпайды. Көбісі сауатсыз, екі сөздің біріне балағат сөз қосатын мәдениетсіз азаматтар. Ал оларға ақыл айтсаң, әлгі астаналық жігіттей қол көтеруі де ғажап емес. Сол себепті мен таксишілер мен қарапайым жас жігіттерден сақ болуға тырысамын», - дейді 23 жастағы Әсел.

Ал әлеуметтік және гендерлік зерттеулер жүргізетін ғылыми-зертттеу институтының басшысы Зәмзә Қодар болса, бойжеткендердің бұлай сөйлеуіне миына құйылған стереотиптер себеп деген пікірде.

«Мен қаншама рет зерттеу жүргіздім. Әр бойжеткен жігіт ақша тауып, отбасындағы бар қиындықтарды еңсере білуі тиіс деп санайды. Отбасын асыраушы деп қабылдауы көбіне шындыққа жанаспай қалады. Әйелдер өздері әлдеқайда артық ақша таба алатындықтан, ер кісіге де шарттарын қатайта түседі. Ал жігіттер мұндай талаптарға жауап қайтаруға қауқарсыз күйде болады», - дейді Зәмзә.

Психолог Анна Құдиярова болса, дөрекі, қатыгез жігіттер барлық заманда болып келгенін алға тартты. Бар айырмашылығы - ол кезде жасырын қалатын жағдайлар бүгінде елдің назарына бірден ілігеді дейді маман.

«Барлық заманда қатыгез жігіттер де, жақсы жігіттер де болған. Қайырымды жігіттер бүгін де баршылық. Тек бұрында телеарналар, радио мен интернет-порталдар болған емес. Көбісі жаманат хабарды естімейтін. Енді бәрі жаман деп, халық түңіліп кеткен. Бірақ олай емес  қой. Аспан көк, ал бұлт ақ, бәрі тамаша», – дейді психолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/898445-tanymal-qazaq-zhazushysy-zhigitterge-oz.html