RU

Сириялық босқындармен қашып шыққан күшік Хорватияға аман жетті

Хаски тұқымдас иттің күшігі сириялық босқындармен бірге елден қашып шығып, Хорватияға дейін өз аяғымен жеткен деп хабарлайды The Daily Telegraph.

Лус есімді күшіктің иелері Мұхаммед Мурасин мен Саффа Хұсейін Товарник қаласына келіп аялдауда.

Басылымның хабарлауынша, күшік иелерімен бірге теңізді жүзіп өтіп, ұзақ шақырымды жаяу бағындырған. Мұнан кейін олар Венгриядан пойызға отырып, Хорватияға дейін жетіпті.

Жол бойы босқындарды тексерген тәртіп сақшылары күшікті көргенде оның иелері Хұсейін мен Мурасинді кезек күттірмей жібере беріпті.

Екі достың айтуынша, күшікті Дамаскте қалдырып кетуді олар мүлдем ойламапты. Қазір Лустың жағдайы жақсы, саяхат сәтті өтті дейді олар. Келесі аялдама - Германия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/898723-siriyalyq-bosqyndarmen-qashyp-shyqqan-k.html