Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әншілік қырымен танылды (видео)

Опубликовано:

Жақында танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева танысының ұзату тойына ән шырқады. Алғаш рет тойда ән шрқаған Тұрсынбаеваға желі пайдаланушылары мақтауларын жаудырған.

"Қазақтың қызығы той! Кез келген өнер адамы секiлдi менi де тойға көп шақырады... Қыз ұзату, тұсау кесер, 50-60-70 жастарға көп шақырады... Ән салып, билету қолдан келмегесiн көбiнесе бас тартамын... Соңғы кезде ұзатылып бара жатқан қызды әндетiп шығарып салу сәнге айналды... Жазира айтып жүрген "Ақботам" әнi ең көп сұранысқа ие екен... Сол әннiң сөзiн жазып отырғанда өз қара қызымның ұзатылар шағын елестетiп жазған болатынмын... Кеше Таразға тағы бiр қыз ұзатуға шақырылдым... Той иесiнiң сұрауы бойынша ән айтуға тура келдi... Сөзiн өзiм жазып, осындай бiр ақ бата, тiлек тәрiздi ән дүниеге келдi... Барлық қыз баласына осындай бақытты шақ тiлеймiн..!", - деп жазған әнші өз Instagram парақшасында.

Видеоны тамашалаған қолданушылар ақынға мақтау сөздерін жаудырып, Тұрсынбаеваның ерекше дауысы барын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/898791-aytysker-aqyn-aynur-tursynbaeva-algha/

pixel