RU

"Қайраттың" тағы бір футболшысы сүйіктісіне ұсыныс жасады

"Қайрат" футбол клубының қорғаушысы әрі Қазақстанның жастар құрамасының капитаны Тимур Рудосельский сүйіктісіне ұсыныс жасағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Футболшының қалыңдығы алматылық Әдия Сламбекова болып шықты.

"Жуырда мендік боласың", - деп жазған Рудосельский өз Instagram парақшасына сүйіктісінің неке жүзігін таққан фотосын жүктеген.

20 жастағы футболшы "Қайраттың" негізгі командасында өткен маусымнан бері ойнап жүр. Командадағы алғашқы ойынын ол 2014 жылдың мамырында өткізіп, 37 рет ойын алаңына шыққан.

Бұған дейін "Қайраттың" өзге футболшысы Бауыржан Исламханның сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын.

27 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" командасының Еуропа лигасындағы "Бордо" клубымен қарымта кездесу матчы біткеннен кейін футболшы алаң орталығына шығып, тізерлеп отырып, сүйіктісіне ұсыныс жасаған. Ғашығы Еркежан Талғатбекова ұсынысты қабылдады.

Еркежан Талғатбекова 21 жаста. Ол Таразда туған, қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/899336-qayrattynh-taghy-bir-futbolshysy-suyikt.html