RU

Астанада құрттап кеткен тауық аяқтарын көрген студенттер талып қала жаздады

Астанада тіпті құрттап кеткен тауық аяқтары саудаға түскен деп хабарлайды КТК арнасы.

Көшедегі дүңгіршектердің бірінен тауық аяғын сатып алған медициналық колледждің студенттері жыбырлаған кәдімгі құртты көріп, естерінен тана жаздады.

Қарны ашып сабақтан шыққан қыз-жігіттер құдай сақтап, ұшынып  ауруханаға түсуден аман қалған.

Бірнеше студенттің жеген тамағын желкесінен шығарған самса әзірлейтін дүңгіршіктегі ас. Бүгін олар осы жерден тауық аяғын сатып алыпты. Аштықпен астың жартысын жеп жібергендер кейін жыбырлаған құртты көріп жағаларын ұстаған.

Ал, сауда орынының сыртына халал ас әзірлейміз деп жазып, құрттаған тауықты сатқандар іштен бекініп алып шықпай қойды. Енді дөнер, самса әзірлейтін дүңгіршек иесіне ірі көлемде айыппұл салынып немесе мүлдем жабылуы мүмкін. Өйткені, тауықтан құрт тапқандар СЭС-ке арыз жазып кетті.

"Мен жеп қойдым біразын. Кейін қайта шығарып жібердім. Қараңызшы ішінде бәрі құрттар жыбырлап жүр. Тіпті, ұстаудың өзі қорқынышты. Еттің исі шығып кеткен", - дейді  Астана қаласының тұрғыны Айгерім Сермұрзаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/899604-astanada-qurttap-ketken-tauyq-ayaqtar.html