RU

Ақтауда Land Cruiser Prado мен "ВАЗ" автомобильдері соқтығысып қалды (фото)

Ақтауда кеше, 22 қыркүйекте Land Cruiser Prado мен ВАЗ-2107  автомобильдерінің қатысуымен  жол-көлік апаты орын алды.

Полицияның мәліметінше, ешкім ауыр жарақаттанбаған, деп хабарлайды lada.kz.

Жол апаты қаладағы Қашаған ескерткіші маңындағы айналма жолда болған. Жол-көлік патрулінің деректеріне қарағанда, доңғалағы жарылған Land Cruiser Pradoның жүргізуші рульге ие бола алмай, ВАЗ-2107 машинасына соқтығысқан.

Инспекторлардың айтуынша, ешкім ауыр жарақаттанбаған, тек көліктерді жөндеуге тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/899822-aqtauda-land-cruiser-prado-men-vaz-avtomobilderi.html