RU

Ер кісі тойда ән айтқан келіншекті көтеремін деп, құлатып алды

Ер кісінің тойда ән айтқан келіншекті құлатып алған видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Көпшілік құлаған келіншек ақын әрі асаба Құрманай Бахтиярқызы болуы керек деген пікір қалдыруда.

Видеодан ер кісіні ән айтып тұрған әйел өзі шақыртып алып, оны ұстап тұруын сұрағаны байқалады.

Алайда ер кісі өз шамасын артығынан бағалап, келіншекті көтеріп алуға бел буады. Ақыры күші жетпей, екеуі де қонақтар отырған дастархан жаққа құлап кетеді.

Көпшілік құлаған келіншетің ақын Құрманай Бахтиярқызы екеніне сенімді әрі бұлайша қылық танытып, асаба болуы қазақ аруына жат дүние деген пікір қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/899941-er-kisi-toyda-aytqan-kelinshekti-kot.html