RU

Генерал-лейтенант парламент мәжілісінің вице-спикері болды

Парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты Абай Тасболатов парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz.

Абай Тасболатовтың кандидатурасын парламент мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов ұсынды.

"Барлығыңыз оны жақсы білесіздер. Ол өз қызметін лейтенанттан бастап, генерал-лейтенантқа дейін жетті", – деді Жақыпов.

Депутаттың әріптестері де оның кандидатурасын қолдады.

"Парламент тарихында генерал вице-спикер болған емес", - деп қалжыңдады олар.

Қатысушы 103 депутаттың барлығы да "иә" деп дауыс берді. Өз кезегінде Тасболатов әріптестеріне қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900075-general-leytenant-parlament-mazhilis.html