RU

Павлодарда үй қызметкері өз иелерін тонап отырған

Павлодарда жалдамалы үй қызметкері болып жұмыс істеген әйел күн ара өз иелерін тонап отырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті деп танылған 39 жасар қала тұрғыны ұсталды. Өз таныстарында үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйел үй иелері болмаған кезде пәтерден 1600 АҚШ доллары мен 300 мың теңгені ұрлаған.

Бірнеше күн өткен соң, тағы да 1500 АҚШ доллары мен 100 мың теңгені қолды етіпті.

Алайда полицейлер оны ұстағандықтан, ақшаны пайдаланып үлгермеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900261-pavlodarda-uy-qyzmetkeri-oz-ielerin-t.html