RU

Алматыда трамвай апатынан жарақат алғандардың жағдайы күрт нашарлаған

Жанындағыларды жайпап өткен трамвайдың жолында болған жәбірленушілердің жағдайлары күрт нашарлап кетті.

Оның бірі қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Алған жарақаттары тым ауыр.

Алматыда болған жол апатында жалпы 5 адам жәбірленген. Оның бірі үйіне жіберілді, үшеуі аурухана кереуетіне таңылған. Ал, 26 жастағы бойжеткен жансақтау бөлімінде. Жағдайы нашар, ішкі ағзаларына қатты зақым келген.

«Жедел жәрдем ауруханасында жатқан 2 науқастың біреуі бөлімге ауысты, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың диагнозы 12 омыртқаның жабық түрде жарақаты. Екінші науқастың диагнозы: іш құрылысының жарақаты, бас миының шайқалуы»,- деді Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков.

Бірнеше адамды ажал құштыра жаздаған апаттан зардап шеккендерді тірі алып қалу үшін 4 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900502-almatyda-tramvay-apatynan-zharaqat-al.html