RU

Instagram-ды қолданушылар саны 400 млн-ға жетті

Instagram желісін қолданушыларының қатары 400 млн адамға жетті. Бұл туралы компания өз блогында мәлімдеді.

Өз хабарламасында әлеуметтік желі жаңа қолданушыларды жылы лебізбен қарсы алған. Қолданушылардың 75%-ының АҚШ-тан тысқары елдердің азаматтары, ал соңғы тіркелгендердің 100 млн-ы Еуропа мен Азия елдерінен екендігін айтып өтті.

Ал соңғы тіркелгендердің қатарында Дэвид Бекхэм, Кейтлин Дженнер және Тони Кроос сияқты белгілі тұлғалар да бар.

Айта кетерлігі, күн сайын Instagram-ға 80 млн фотосурет жүктеледі екен. Естеріңізге сала кетейік, Instagram қосымшасы 2010 жылдың 6 қазанда іске қосылып, тек Apple смартфондары үшін ғана арналған болатын.

Ал 2012 жылдың сәуір айынан бастап сервис Android платформасы үшін де қолжетімді болды. Сол кезде Facebook Instagram-ды 1 млрд долларға сатып алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900514-instagram-dy-qoldanushylar-sany-400-mln-gha-zhetti.html