RU

БАҚ: Шетелде білім алған қазақ жастарынан қайыр бар ма?

Шетелде білім алған жастардан Қазақстанға келер пайда бар ма? Abai.kz порталы осы тақырыпқа орай көлемді мақала жариялап, жастарды шетелде оқытудың кемшін тұстарын жария етті.

"Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шет­ел­дік гранттармен өзге елге қанат қаққан жас­тарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олар­дың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Тағы да күңгірт... Сол жастарымыз өзге елден нен­дей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Нақты дерегіміз болмағандықтан, «оны уа­қыт көрсетеді» деп бар жауапкершіліктен сыты­лып шыға келеміз. Қазір шет мемлекеттерде оқу­дың пайдасы жайлы жиі айтылады. Бірақ арагідік бол­маса, шетелге бала асырғаннан келер зиянды сөз етпеуге тырысамыз. Мәселен, біріншіден, жат жерде жат идеология бар. Ол идеологияның өзін үш түрге бөліп қарастыруға болады", - деп жазған автор шетелде оқитын жастарға әсер етуі мүмкін үш факторды атап өтеді.

Бірінші – саяси идеология. Өзге елдерде Қа­зақ­­стан саясатына ықпал еткісі келетін саяси топ­тар бар болуы заңды құбылыс. Олардың сол идео­­ло­гияны жастарға сіңіру арқылы мемлекетіміздің саясатына саңылау іздемесіне кім кепіл?

Екіншісі – діни фанатизм идеологиясы. Елімізге сансыз миссионерлер аттандырған батыс елдері оң-солын әлі танып үлгермеген һәм өз аяғымен кел­ген жастарымызды сәтті пайдаланып кетуі бек мүмкін.

Үшіншісі – дүниелік идеология. Жасындай жарқылдаған жастарды жалт-жұлт еткен дүниемен қызық­ты­рып, қаржымен алдарқатып, елітіп әкет­пе­сіне кім кепіл? Қазіргі жағдайға қарап оты­р­саңыз, алғашқы саяси идеологияның нә­ти­жесі көзге көрінбегенімен, қалған екеуі­­нің зарары сезіле бастады. Мәселен, өз бетімен мұсылман елдеріне оқуға аттан­ған жастарымыз сол жақтан діни білім алып, еліміздің салт-санасын жоққа шы­ғара бастады. Батысқа аттанған қыздары­мыз адамзаттық құқығын пайдаланып, жат- жұрттықтың табалдырығын келін болып аттап, ұлдарымыз сол елден жан жарын та­уып, қалып қоюда. Ал олардың саны қан­ша екені тағы белгісіз.

"Ең алдымен, «Жастарды шет­ел­­де оқыту кемерінен асып бара жатқан жоқ па?» деген сұраққа жауап тауып алған жөн. Алыс­қа бармай-ақ, іргедегі 1,5 мил­лиард хал­қы бар Қытайға назар салайық­шы. Сон­шама халқы бар «Айдаһар елі» шет­ел­ге бала жіберуге айлалы көзбен қа­рай­ды. Жы­лына оқу мақсатында бірнеше мың адам­ды ғана шекара асырып, 2-6 айлық, әрі кетсе, бір жылдық білім беру курс­тарына аттан­дырады. Олардың денін мем­лекеттік қызметкерлер құрайды. «Ада­ми өнімдері» көп бола тұра, біз секілді 4-5 жылға бала жібермеулерінің астарында не бар? Бұл – бір. Екіншіден, 120 мил­лионнан астам халқы бар Жапония мемлекет тара­пы­нан жылына 15-ақ азаматты шетелде оқыту­ға рұқсат береді екен. Осы екі мысал­дың өзі елімізге біраз жайтты ұқтырса керек-ті... Ал біз болсақ, мемлекет тарапы­нан жыл сайын 3000 студентті 87 маман­дық бо­йын­ша дүниежүзіндегі 32 елге ат­тан­дырып жатыр­мыз. Ал бейресми ор­та­лықтар арқы­лы арман қуғандарды қос­сақ, бұл сан тағы да еселене түсері белгілі. Бұл «шетелге бала оқытпау керек» деген ойды білдірмесе керек. Осы жағдайларды ескеріп, тек шет­ел­де бала оқытудың санын емес, сапасын арттырып, кемерінен асып бара жатқан мә­селенің тізгінін бір тартып қою керектігін аңғартады", - делінген мақалада.

Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кеме­сін алға сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шы­ғаруға болмайды. Мәселен, осы бағыт­та «Болашақ» бағ­дарламасы жастарды өзі таң­­даған озық оқу орнына орна­лас­тыру, оны оқуын бітіргенше қа­да­ғалау, сосын елге қайтқан соң жұ­мыспен қамту сынды жұ­мыстарды дөңгелетіп жатқаны рас.

Де­сек те, бар мәселе осы жайттармен шек­те­ліп қалмауы қажет. Бұл мәселе жалпыұлт­т­ық сипат алып, шетелде бала оқытудың мем­лекеттік сүзгісін қалыптастыруымыз керек. Ол үшін қандай жайттарды қаперге алу керек?

Біріншіден, өзге елдерге жастарымызды егемен елімізге қажетті, бірақ өз елімізде оқытуға мүмкіндік жоқ мамандықтарды игеруге ғана жіберу керек.

Екіншіден, «мектептің жасы», «жоғары оқу орындарында оқитындардың жасы» де­ген секілді шетелде оқитын балалардың жасын белгілеу қажет. Жасы 22-ден аспа­ған бозбалалар мен бойжеткендерді, ұлт­тық таныммен сусындап өспеген жеткін­шек­терді шекарадан асыруға болмайды.

Үшіншіден, тек қана мектепті үздік бі­тір­ген, ерекше дарынды жастардың әлемдік деңгейдегі іргелі оқу орындарынан білім алуына жол ашуға тиіспіз.

Төртіншіден, мемлекеттік құпия сала­сы­ның мамандарын, әскерилерді өзге ел­дер­ге оқытпау керек. Болондық оқу жүйесі бойын­ша PhD докторанттарын шетелге тә­жірибе алмасу үшін жіберу міндеттелген. Әс­кери оқу орындарын мұндай міндеттен босату қажет.

Бесіншіден, елімізде шетелге оқуға жіберілетін жастарға арналып, кемі бір жылдық дайындық курстары ашылғаны жөн. Ол жерде баратын елдің заңы, өмір сүру ерекшеліктері түсіндіріліп, ол елдерде өзін қалай ұстауы керектігі үйретілуі қажет. Өйт­кені шетел азаматтары біздің жастары­мыз­ға қарап, мемлекетімізді таниды. Олар­­дың құлағына сонымен қатар ұлттық та­ным тұрғысынан арнайы дәрістер оқы­луы, «өзге елде сұлтан болғаннан, өз елін­де ұлтан болғаны» артық екені құйылуы тиіс.

Алтыншыдан, шетелдегі жастардың түрлі саяси-діни ұйымдармен байланыс жасауына, түрлі идеологиялық үрдістерге бой алдыруына шектеу қою керек.

Жетіншіден, қазақ жастары оқитын ел­дердегі елшіліктердің жанынан сол жас­тар­дың басын қосатын мәдени орталықтар ашыл­ғаны жөн. Сол орталыққа келген әр қа­зақ баласы аптасына кемі бір мәрте ұлт­тық құндылықтар жайлы дәріс алып отыр­са, түрлі келеңсіз оқиғалар орын алмас еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900573-baq-shetelde-bilim-alghan-qazaq-zhastary.html