RU

Ақтау-Жаңаөзен тас жолында жол апатынан үш адам тірідей өртеніп кетті

Ақтау-Жаңаөзен күре жолында жол апаты орын алып, үш адам қаза болды деп хабарлады құқық қорғау органдарына сілтеме жасап lada.kz.

Жол апаты 20 қыркүйекте сағат 07:00 минутта Қарақия жерінде орын алған. Алдын ала деректер бойынша Lada Priora көлігі Жаңаөзен жаққа бара жатқан.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жеңіл көлік тасқа соғылған, соның салдарынан газ баллоны жарылған, көліктегі үш адам тірідей өртеніп кетті.

Оқиға орнына келген жол-патрульдік қызмет экипажы жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсетуге тырысты, алайда  үлгермеді.

Өрт сөндіру қызметкерлері жалынды ауыздықтады. Қаза болғандардың сүйектері молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді. Басқа да бірқатар сараптамалар жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900597-aqtau-zhanhaozen-tas-zholynda-zhol-apatyn.html