RU

Алматыда әуе шарларын сатып алған жас келіншектің бет-аузы күйіп қалды (фото)

Алматылық келіншек әуе шарының кесірінен бет-аузын күйдіріп алды.

Бұл туралы Total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сатушылар әуе шарына гелий толтырудың орнына, тұтанғыш газ қолданған.

«Оқиға 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні болды. Шашубаевтың отбасы Тастақ шағын ауданынан гелиймен толтырылған 10 әуе шарын сатып алған. Алайда, шарлардың гелиймен емес, тұтанғыш газбен, нақтылап айтар болсақ, пропанмен толтырылғаны белгілі болды», - деп хабарлады дереккөз агенттікке.

Мерекелік кеш басталардан бұрын бірнеше шар жарылып кеткен. Соның салдарынан жас ана Әсел Шашубаева беті мен бас жағын күйдіріп алған. Ауыр жарақаттанған әйелді дереу қалалық ауруханалардың біріне жеткізеді.

Қуанышқа қарай, үйдегі екі кішкентай қыздардың денсаулығына зиян келген жоқ.

«Мен өзімнің емізулі қызымды алып, әуе шарларымен фотоға түспекші едім. Қуанышқа қарай, бұл кезде ол ұйықтап жатты да, аман қалды», - дейді жәбірленуші.

Отағасы Берікбол Шашубаев та қолын күйдіріп алған. Енді жас отбасы полицияға шағым түсірмекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900662-almatyda-aue-sharlaryn-satyp-alghan-kel.html