RU

Танымал әнші Тамара Асар тренинг өткізіп, құнды кеңестерін 5 мың теңгеден сатпақшы

Жақында өзінің аты-жөні Томи Асар деп өзгергенін хабарлаған әнші Тамара Асар енді психолог қызметіне кіріспекші.

Танымал адамдар Тамар Асардың тренингі туралы әлеуметтік желілерде жарыса жарнамалап жатыр.

"Сізде қандай сұрақ бар? Томи Асар жауап береді" деген жарнама арқылы семинар-тренингке кіру бағасы 5 мың теңге екенін білуге болады.

Осылайша, сахнада ән шырқап, той бизнестен жалыға бастаған Томи Асар ақша табудың басқа амалына көшкен.

Алайда, Томи Асардың қандай кеңес беретіні туралы еш жерде айтылмады.

Тамара Асар тағы да атын өзгертіп жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900801-tanymal-anshi-tamara-asar-trening-otki.html