RU

Шымкент әкімі қала көшелерін жаяу аралап, жұртшылықты таң қалдырды

Желіде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қала көшелерін жаяу аралап жүргені туралы видео жарық көрді.

Бұл туралы Қамшы порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қалаға әкім болып тағайындалғалы бері бірнеше тексеру жүргізген Әбдірахымов енді қала көшелеріндегі жолдардың сапасын тексеруге көшті.

Қызметіне кірісер алдында "Шымкентке келетін қонақтар қаламен жылап қоштасатындай деңгейге жетуіміз керек" деген әкім Шымқаланы Лас-Вегасқа да теңеген болатын.

Ал порталда пікір қалдырған оқырмандардың басым көпшілігі әкімнің орыс тілінде сөйлегенін сынға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900840-shymkent-akimi-qala-koshelerin-zhayau-ara.html