RU

Алматыда 41 жастағы тұрғын кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке салған

Бүгін алматылық полицейлер «Стоп-Трафик» жедел-алдын алу шарасын қорытындылап жатыр. 21 қыркүйек күні басталған рейд барысында адам саудасымен, жеңгетайлықпен айналысқан күдіктілер құрықталды.

Аталған шара барысында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 1 факт, жеңгетайлықпен айналысу бойынша 3 факт және кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша 1 факт анықталған.

Жеңгетайлардың бірін ұстауға жергілікті тұрғындардың бірі көмегін тигізген. Ол полицейлерге келіп, «Шұғыла» кинотеатрының маңында орта жастағы әйелдің 5 мың теңгеге жезөкшелік қызмет ұсынғанын айтыпты.

Тексеру барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 41 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық – мүлкi тәркiленiп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900868-almatyda-41-zhastaghy-turghyn-kameletke.html