RU

Рио Олимпиадасының ашылуы мен жабылуына 32 млн доллар жұмсалады

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының басталуына бір жылдан аз уақыт қалды.

Қазір ұйымдастыру комитеті Бразилиядағы күрделі экономикалық жағдайға байланысты ойындардың ашылу және жабылу салтанатына кететін шығындарды қайта есептеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, қаржы үнемдеудің арқасында бұл іс-шараға кететін шығын 2012-ші жылғы Лондон ойындарынан 10 есе аз болмақ.

«Біз қаржыны азайтамыз, алайда ашылу салтанатының сәнін шығармашылық шеберлікті сала отырып, әдемі көңіл-күймен жеткізетін боламыз», - дейді Ұйымдастыру комитетінің директоры Леонарду Каэтану.

Бразилиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Рио-де Жанейро Олимпиадасының ашылуы мен жабылуына 32 миллион доллар жұмсалатын көрінеді.

Айта кетейік, біздің елімізден әзірше Рио Олимпиадасына 21 спортшы жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/900877-rio-olimpiadasynynh-ashyluy-men-zhabylu.html