RU

Михаэль Шумахер сөйлеу қабілетінен айырылып, 45 келі салмақ жоғалтты

Формула-1 жарысының аты аңызға айналған шабандоз Михаэль Шумахердің денсаулық жағдайы әлі де ауыр.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Формула-1 жарысының жеті дүркін чемпионының салмағы 45 келіге дейін төмендеген.

Шумахерді Гренобльде емдеген дәрігердің айтуынша, танымал спортшының денсаулығының аз да болса жақсаруы үшін кем дегенде үш жыл уақыт қажет болып отыр.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 29 желтоқсанында Шумахер Францияның Альпі тауларында шаңғы теуіп жүргенде күрделі бас сүйек-ми зақымын алған.

Басындағы шлем аяқасты өлімнен аман құтқарды. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен шипажай қызметкерлері спортшыны емханаға жіберді. Онда Шумахер екі нейрохирургиялық отадан өтіп, жасанды кома жағдайына кіргізілді.

Кейін Шумахер ауруханадан шығарылып, Швейцариядағы үйіне жеткізілген соң, онда оңалту курсынан өтуін жалғастырды.

Қазіргі кезде Формула-1 жарысының жеті дүркін чемпионы бұрынғыдай төсекке танылып жатпағаны және процедуралар арасындағы үзіліс кезінде терезенің қасында отыратыны белгілі болды. Сондай-ақ Шумахер туыстарын тани бастаған, бірақ бетіндегі бұлшықеттердің семуі салдарынан сөйлеу қабілетінен айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/901064-mikhael-shumakher-soyleu-qabiletinen.html