RU

Астана халықаралық әуежайы жеке адамдардың қолына өтеді

Астана халықаралық әуежайы мен Қызылорда қаласындағы әуежай жекенің қолына өтеді.

Бұл туралы Инвестициялар жəне даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мəлімдеді.

Оған қоса «Евро-Азия Эйр» əуе компаниясы мен жаңадан құрылған «Qazaq  Air» əуе компаниялары да сатылмақ. Бұл ірі нысандардың  25, 50, немесе 51 пайыз акциялары саудаға шығарылмақ.

Сондай-ақ, комитет төрағасы Астана әуежайында жолаушылар терминалын қайта жөндеу жұмыстары жүретінін айтты. Әуежай жылына жеті миллион жолаушыны қабылдап, қызмет көрсететін деңгейге жетеді.

Айта кету керек, биыл Тараз әуежайының жолаушылар терминалы мен Орал әуежайының ұшып-қону жолағын  жөндеу жұмыстары аяқталады. Ал келесі жылы Петропавл әуежайының ұшып-қону жолағы жөнделіп, пайдалануға беріледі.

"Астана халықаралық əуежайы, Қызылорда қаласының əуежайы мен  «Евро-Азия Эйр» əуе  компаниясы жəне жаңадан құрылған «Qazaq Air» əуе компаниялары жекешелендіру списогында бар. Ертеңгі күні біреулер алып жатса, қарсылықтармыз болмайды", - дейді Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/901070-astana-khalyqaralyq-auezhayy-zheke-adam.html