RU

Назарбаев: Біз ұлы дініміз - мұсылмандыққа көшкен халықпыз (видео)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман халқы үшiн бүгiнгi ұлық мерекеде елордадағы «Әзiрет Сұлтан» мешiтiнде болып, айт намазына қатысты.

«Бүгiн дүниежүзi мұсылман қауымының ұлық мерекесi - Құрбан айтты атап өтiп жатырмыз. Сондықтан, барша қазақстандық мұсылмандарды, бiздiң барша көршiлес дос елдердегi мұсылмандардың барлығын шын жүрегiмнен Құрбан айт мерекесiмен құттықтап, мүбарак болсын деймiн. Бiз тәуелсiздiгiмiздi алғаннан берi өзiмiздiң ұлы мәдениетiмiз, ұлы дiнiмiз – мұсылмандыққа қайтадан көшкен халықпыз. Соның арқасында басымыз бiрiгiп, елiмiздiң тiлегiн тiлеп, жұртымыз аман болсын деп алға басқан елмiз. Соны ойлап Қазақ хандығының 550 жылдығын өткiзiп, елiнiң өткен тарихы қалай болғанын, болашағымыз қалай болатынын баяндағанымыз дұрыс болды деп санаймын. Осы жылдар iшiнде кеңес одағында жабылып қалған аз ғана мешiттер бар едi. Қазiр Қазақстанда 3 мыңға жуық мешiт жұмыс iстейдi. Үлкен де, кiшi де, орта буын да мешiтке келiп, тiлек тiлеп, ораза тұтады, намаз оқиды. Соның барлығы игiлiкке, бiр-бiрiне деген мейiрбандылыққа алып келедi деп ойлаймын», - дедi елбасы.

Президент, сондай-ақ, бүгiнгi Құрбан айт күнi туған-туысқандар бiр-бiрiмен кездесiп, қауышып, өткендегi кемшiлiктерi үшiн бiр-бiрiнен кешiрiм сұрайтын, кешiрiмшiл болатын және жақындасатын күн екенiн де атап өттi.

«Сондықтан бұл мерекенi халқымыздың бiрлiк мерекесi деп санауға болар. Төзiмдiлiк және кешiрiмдiлiк – осы екi мәселе ең негiзгi болса деп ойлаймын. Бүгiнгі қиын-қыстау мынау ғаламдық заманда босып, көшiп, үйiн тастап, iстеген iсiн таптап, бала-шағасын мойнына арқалап, қаңғып жүрген адамдар миллиондаған, көрiп отырсыздар, Еуропаның әр түкпiрiнен. Бұл нелiктен? Дүниедегi болатын қақтығыстың барлығы бiрiншiден – жер дауы. Бiз жер дауы болмасын деп төңiрегiмiздi, шекарамыздың барлығын шегендеп, барлық халықтармен келiсiмге келдiк. Екiншi дау – ұлт арасындағы дау. Бұл мәселенi де шешiп, көп этносты ел болсақ та, ынтымақпен бiрге iс iстеп отырмыз. Үшiншi дау – ол дiнаралық дау. Дiнаралық емес, мұсылмандардың өзi бiр-бiрiне пышақ жұмсап, адамды қойша бауыздап жатқанынан бiз аулақпыз. Оны мұсылмандық емес, ол зомбылық, зорлық, ол қылмыс деп санау керек. Сондықтан мен бiздiң елiмiз, қазақстандықтар дұрыс жолмен жүрсе екен деп, болашақ бiздiң балаларымыз дұрыс жолда тәрбиеленсе екен деп ойлаймын. Бүгiгi күнi барлық халыққа бақ-береке, төзiмдiлiк пе шыдамдылық тiлеймiн. Болашағымыз өте жарқын болатынына мен сенiмдiмiн. Сол үшiн барлық жұмыстарды жасап жатырмыз. Құрбан айт ұтты болсын! Мерекерiңiз мүбарак болсын!», - дедi президент журналистерге берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/901222-nazarbaev-biz-uly-dinimiz-musylmandy.html