RU

11 жылдан кейін комадан оянған жанкүйер бірден Федерердің жағдайын сұраған

2004 жылдың желтоқсан айында көлік апатына ұшырап, комаға түскен Роджер Федерердің испандық жанкүйері Джесус Апарджио араға 11 жыл салып, терең ұйқысынан оянды.

24 тамызда өмірге қайта оралған Апарджионың алғашқы сөзі «Федерер не болды?» сауалы болды, деп жазады MyNet.com.

Өз сөзінде ол: «Бірден есіме Роджер келді, сондықтан сұрадым. Мен оны зейнетке шықты екен деп ойлағам. 34 жасында әлі де теннис ойнап жүргенін, оның үстіне әлемнің екінші ракеткасы екендігін естігенде жұрт мені алдап жатыр екен деп ойладым. 17 рет "Үлкен шлем" чемпионы атанғанын білген кезде тіптен қолдарыммен бетімді бастым. Әлі күнге дейін мықты ойнайтынын білу мен үшін таңқалдырарлық жайт болды. Ол зейнетке шықпастан бұрын ойынын, бәлкім, 18-рет чемпион атағын алатын кезін көргім келеді», - деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/901517-11-zhyldan-keyin-komadan-oyanghan-zhankuyer.html