Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашты жиі бояу бауыр ауруларын тудыратыны белгілі болды

Опубликовано:

Бір қарағанда зиянсыз көрінетін қарапайым шаш бояуының да адам денсаулығына қауіпті екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Шаш бояуларының құрамындағы химиялық элементтер денсаулыққа айтарлықтай зиян. Мамандарының айтуынша, одан бауыр көбірек зардап шегетін көрінеді. Сондай-ақ, шашын жиі бояп тұратын адамдарды гипертиреоз (қалқанша без гармонының әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) мен шорбуын (буынның қабынуы) дерттерінен көп зардап шегеді.

Шаш бояуларының зияны туралы Лондон университетінің зерттеушілері бірнеше жыл зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеушілер бауырдың қабынуына алкогольді ішімдіктер ғана зиянды емес, шашқа арналған бояулар да бауырдың зақымдануына себепкер болатынын анықтады.

Зерттеуге шашын жиі бояп тұратын 7 000-ға жуық адам қатысқан. Олар арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, мазалап жүрген дерттері туралы айта кеткен. Көпшілігі бауырдың қабыну дертінен сырқаттанып жүргендіктерін мәлімдеген.

Аталған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 50 пайызынан көбі бауыр ауруларына шалдығатындығы дәлелденді. Сонымен қатар, шаштарын жиі бояйтын қыз-келіншектерде түрлі аллергиялық аурулар, бас ауруы, лейкемия ауруы мен шаштың түсіп қалуына душар болады.

Сондай-ақ, бұдан басқа шаш түсуге күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қандағы темір деңгейінің төмендігі, гормондық үйлесімсіздік, тұқымқуалағыштық сынды факторлардың әсер етуі де әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/901717-shashty-zhii-boyau-bauyr-aurularyn-tudyra/

pixel