RU

Білім және ғылым министрлігі Украинаның оқулықтарға қатысты шағымын қарастыруда

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Украина елшілігінің кейбір қазақстандық оқулықтардағы Қырым түбегінің Ресей субъектісі ретінде көрсетілуіне байланысты өтінішін қарауда, деп хабарлады жұмада Қазақстан жаңалықтарына Білім және ғылым министрлігінің баспасөз-хатшысы Әлібек Шоқпаров.

Бұрын, Украина елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне  қазақтандық «Мектеп» баспасы шығарған орта мектептерге арналған оқулықтарда Қырым Автономиялық республикасы Ресей Федерациясының субъектісі ретінде көрсетілу фактісіне байланысты наразылық білдірген.

Украиналық тарап Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіне Қазақстанның орта мектептерінен осы оқулықтарды  дереу алып тастауда ықпал етуді сұраған.

Нотаға сәйкес, мұндай ақпаратты тарату "бірнеше рет Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтындығын мәлімдеген Қазақстан басшылығының ұстанымына қайшы келеді".

"Бүгін Қазақстанға Украина елшілігінің ресми өтініші келіп түсті. Бүгінгі таңда ол өтініш басшылықтың қарауында», — деді Шоқпаров телефон  арқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/902345-bilim-zhane-ghylym-ministrligi-ukraina.html