RU

Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмді насихаттаған Vimeo.com сайты бұғауланды

Қазақстанда "діни экстремизм мен терроризмді насихаттайды" деген айыппен vimeo.com сайты бұғауланды.

Астана қалалық сотының хабарлауынша, сайтты бұғаулау туралы шешімді Есіл аудандық соты 7 қыркүйекте инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің арызы бойынша шығарған.

Комитет vimeo.com сайтындағы видеоларда "қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын" ақпарат бар деп, соттан оны бұғаулауды және және Қазақстан аумағында таралуына тыйым салуды сұраған.

Сот сайтта жарияланған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының кісі өлтіру жайлы видеоларын Қазақстан заңдарына қайшы" деп тауып, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/902573-qazaqstanda-dini-ekstremizm-men-terr.html