RU

Зауыттағы жұмысшылардың жалақысын естіген ОҚО-ның әкімі жағасын ұстады

Жақында ғана тағайындалған ОҚО-ның әкімі Сайрам ауданындағы «Сайрам-сүт» ЖШС-нің жұмысымен танысуға барды. Бейбіт Атамқұловтың зауыттар мен фабрикалардың қалай жұмыс істеп жатқаны көңілінен шықса да, жұмысшылардың жалақысын естігенде ол жағасын ұстады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімі сүт өнімдерін шығаратын «Сайрам-сүт» цехын аралап жүріп, кенет сол жердегі жұмысшылардың біреуін сөзге тартты. Ал өз кезегінде басшылық мұны күтпеген еді. Бейбіт Атамқұлов әйелден балалары, балабақша жайлы сұрай келе, оның қандай да бір проблемасы жайлы сұрады. Алайда әйел көңілді түрде басын изеп, бәріне риза, бәрі жақсы екенін білдірді. Тіпті өздерінің жалақсы "40 мың теңге" деп көңілді жауап қайтарды.

"40 мың теңге?! Айтылған сөзге сенбеген облыс басшысы 40 мың теңгеге қалай күн көруге болады деп таңырқап, «Сайрам-сүт» ЖШС-нің  директоры Жамалбек Уәлиханнан сұрады. Басшы өзінің жұмысшылары үшін жауап беруі тиіс. Осы ақшаға өзің өмір сүріп көр. Жұмысшылардың еңбекақысын қайта қарастырып, жалақыларын көтеру мүмкіндігін іздеу керек деп есептеймін. Менің саған деген қарым-қатынасым осыған байланысты болады, біліп қой!", - деді облыс басшысы.

Жамалбек Уәлиханның айтуынша, ол қуана жұмысшылардың жалақысын көтерер едім, алайда бұл үшін өнімнің бағасын көтеру керек дейді ол.

"Біз қаптаманы Ресейден сатып аламыз. Жууға арналған заттар, ашытқы, бәрі шетелден келеді. Қазақстаннан шықпайды. Олар бізге қазірден хат жіберіп жатыр, 25-30% пайыз көтеру жөнінде. Келісімде тауарды еуромен беріп жатыр. Бағаны болашақта қосатын болсақ, айлықты да қосамыз", - деп жауап қатты «Сайрам-сүт» ЖШС директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/902698-zhumysshylardynh-zhalaqysyn-estigen-oqo.html