RU

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрылтайшысы құрамында қалады

Мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі құрылтайшысы құрамында қалады, ал банк салымшысына жыл сайын 20 пайыздық сыйақыны төлеуді жалғастырады.

Аталмыш норма қаржы институтының меншік формасынан тыс және «ҚР-дағы тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы»  заңда бекітілген. Сондықтан азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқ», - деп түсіндірді бүгін Тұрғын үй жинақ банкі баспасөз қызметінде.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіде жаңа әріптес пайда болғанынан банк тек қана ұтады. Бұл жаңа инвестициялар, қосымша қаржы, неғұрлым жаңа  технологиялар мен ІТ-қызметтер. Сонымен бірге банк өзінің әлеуметтік функциясын  жалғастырады, жыл сайын мемлекеттен субсидия алып, өз салымшыларына сыйақы төлейді», - деп түсіндірді «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Айжан Медеуова.

Оның айтуынша, акционерді тарту бойынша әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Келешекте ең оңтайлы жоспар пысықталады да, оны үкіметпен келіседі. Бұл процесс шамамен екі айды алады. Сондай-ақ инвесторға акцияның қай пайызы ұсынылатыны талқыланып жатыр.

Медеуова әлемдік және еуропалық тәжірибеде ТҚЖ жүйесін іске асыратын банктердің көпшілігінде жеке инвесторлар бар екенін атап өтті. Бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатын - азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді  сәтті орындауға кедергі келтірмейді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз жұмысын осы бағытта жалғастыратын болады.

Қазіргі сәтте Тұрғын үй  құрылыс жинақ банкі Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына кіреді. Еуропалық әріптестердің тәжірибесін қолданса, банк 12 жыл аралығында Қазақстанда ТҚЖ жүйесін іске асырады. Осының арқасында елде ең төмен пайыздың ставкамен қарыз алып, шамамен жүз мың  қазақстандықтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алады. Қазір Тұрғын үй жинақ банкінде 550 мыңнан астам шарт бар, банк олардың барлығымен өз міндеттемелерін толық көлемде орындауды жалғастыратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/902743-turghyn-uy-qurylys-zhinaq-banki-qurylta.html