RU

Баян Есентаева ұзатылып бара жатқан Аша Матайға қандай кеңес айтты?

Өткен аптада әнші әрі актриса Аша Матай ұзату тойын өткізген болатын. Нағашысы Баян Есентаева жиеніне қаңдай тілектер айтқанын 31 арна хабарлады.

https://youtu.be/q04R6HVzNwA

Аққудай сызылып, тойын қазақи салт-дәстүрде өткізген Аша Матай 350-ге жуық қонақтың басын қосты. Бақыттан көздері бал-бұл жанған тележүргізуші алдына үлкен мақсаттар қойыпты.

Ал Аша Матайдың нағашысы Баян Есентаева жиеніне сабырлылық тіледі. Өйткені үйлену оңай, үй болу қиын дейді ол.

Тұрмысқа шыққаннан кейін 3 күннен соң мінезін көрсете бастаған Баян мен оның жұбайының отбасы құрғанына биыл 21 жыл толыпты. Танымал продюсер жарынан әлі күнге дейін сұранады.

Ал, Ашаны қолына қондыруға келген Арман Қоңырбаев залға кіре сала кім екенін көрсетіп, қайын-жұртын әні және биімен баурап алуға тырысты.

Тойға келген өнер жұлдыздары да, сыйлықтар мен гүлдер де көп болды. Жеңіс Ысқақова қоңыр қорапшада қандай сый әкелгенін қолымен көрсетіп, түсіндіріп үлгерсе, Қайрат Нұртас инстаграмға селфи жасап жатты. Ал, өзге қонақтар би билеп, көңіл көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/903006-bayan-esentaeva-uzatylyp-bara-zhatqan.html