RU

Меккедегі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 769 адамға жетті

Сауд Арабиясында қажылық кезіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 769 адамға жетті.

Бұл туралы баспасөз-конференцияда осы елдің Денсаулық сақтау министрі Халед әл-Фалех мәлімдеді. Оның мәліметі бойынша тағы 934 адам зардап шеккен.

Естеріңізге сала кетейік, Құрбан айттың бірінші күні мереке болып басталып, қасіретпен аяқталды. Ең қайғылы жағдай Меккенің Мина жазығында болған.

Қажылық өтеп жүргендер шайтанға тас лақтыру рәсімін орындау кезінде жұрттың көптігінен бірін-бірі таптап, соңы осы адамдар қазасына ұласты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/903263-mekkedegi-qayghyly-oqighadan-qaza-tapq.html