RU

Қарағандылық бойжеткен «Голос» жобасында төрешілер мен тыңдармандарды тәнті етті

Қарағандылық бойжеткен Беназир Ермағанбетова «Голос» жобасында төрешілер мен тыңдармандарды таңғалдырды.

Бойжеткен "Бірінші арнада" өтіп жатқан «Голос» жобасының төртінші маусымына жолдама алды.

Бағдарламаның тікелей көрсетілімі 25 қыркүйек күні өтті. 25 жастағы Беназир ақша туралы ән орындап, рэпер Бастаның тобына қосылды.

Айта кетерлігі, Беназир ән арасында "Баста, мен мындамын" деп айтып қалып, төрешінің назарын өзіне аудартқан.

Бойжеткен есімін ислам әлеміндегі алғашқы президент Беназир Бхуттоның құрметіне әкесі қойғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/903311-qaraghandylyq-boyzhetken-golos-zhoba.html