RU

Бір аяғы жоқ биші жігіт ресейлік төрешілерді таңғалдырды

ТНТ телеарнасындағы «Танцы» шоуына қатысқан Евгений Смирнов нағыз талант ештеңеден де тайсалмайтынын дәлелдеді. Ол сахнаға шыққан кезде шоудың әділ қазылары селк ете қалды, ал, ол билей бастағанда, көздеріне жас алып, жігері мықты жігіттің өнеріне бас иді.

https://youtu.be/DQzAOZrWIGw

Сочи қаласынан келген Евгений расымен де әділ қазылар алқасын ғана емес, шоу көрермендерінің барлығын тамсандырды.

«2001 жылдан бері кәсіби биге ден бұрған едім. Тіпті, үлкен концерттерде өнер көрсететін арнайы топ та құрдық. «Брейкдэнс» стилін өте қатты жақсы көремін және көбінесе осы жанрда билейтін едім. Бірақ, өкінішке қарай, командамыз қазір тарап кетті. Оның үстіне мен біраз уақыт команданың жұмысына араласа алмай қалдым. Себебі... себебі, 2012 жылы жол апатына ұшырадым. Мотоцикл мініп келе жатқан мені көлік соғып кетті, жол апатының салдарынан бір аяғымнан айырылып қалдым...Басында, өмірім осы жерде біткен шығар деп ойладым, бірақ, бойымнан күш-қуат тауып, қайта билеуді бастадым. Бір аяқпен билеп үйрену оңай емес еді», - дейді Евгений Смирнов.

Евгений Смирновтың шоудағы серігі - Даша Смирнова деген кәсіби биші болды. Алғашында, әділ қазылар алқасы Даша - Евгенийдің әйелі деп ойлады, алайда, тектері бірдей болғанымен, Евгений мен Дашаның арасында ешқандай туыстық қатынас жоқ екен.

Дашаның айтуынша, оның жары бар, ал Женияның сүйікті қызы бар. Қазылар алқасы Евгенийді шоудың келесі кезеңіне өткізді. Тіпті, «олардың (аяқ-қолы сау бишілердің) қаншалықты жалқау, кішкене жетістіктің өзіне кеуде қағатын адам екендерін дәлелдегені» үшін Женяға алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/903653-bir-ayaghy-zhoq-bishi-zhigit-reseylik-toresh.html