RU

Путин: Бұрынғы КСРО елдерінде дауларды революция арқылы шешуге болмайды

Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы КСРО елдерінде даулы ішкі саяси мәселелерді "түрлі-түсті" революцялар, төңкерістер, билікті тайдырудың конституцияға қайшы келетін әдістерімен шешуге болмайтынын айтты.

Бұл туралы rian.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Менің пікірімше, бізге мүлдем істеуге болмайтын әрекеттер қандай? Мәселелерді, оның ішінде даулы, ішкі саяси мәселелерді бұрынғы КСРО елдерінде "түрлі-түсті" революцялар, төңкерістер, билікті тақтан тайдырудың конституцияға қайшы келетін әдістерімен шешуге болмайды. Мұндай әрекет мүлдем болмауы тиіс", — дейді Путин америкалық журналист Чарли Роузға CBS пен PBS арналары үшін берген сұхбатында.

Сұхбат БҰҰ бас ассамбелясының 70-ші сессиясы басталар алдында берілді.

Путин Украинаның Ресейге ең жақын мемлекеттердің бірі екенін еске салды.

"Біз бәріміз Украинаның бауырлас мемлекет екенін айттық. Солай екені рас. Бұл жай ғана славян халқы емес, бұл орыстарға ең жақын халық: тіліміз ұқсайды, мәдениет, ортақ тарих, ортақ дін тағысын тағылар", - дейді ол.

Бұдан бөлек Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Виктор Януковичті биліктен кетіруде АҚШ-тың рөлі болғанын нақты білетінін мәлімдеді.

"АҚШ-тағы біздің серіктестеріміз Януковичке қарсы шыққандарды қолдағанын жасырған емес", — деді президент сұхбат барысында.

Журналистің "Виктор Януковичті биліктен кетіруге АҚШ-тың қатысы бар деп санайсыз ба" деген сауалына Путин "Мен мұны нақты білемін" деп жауап қайтарған. Путин Ресейдің Украинада тұратындардың арасында мыңдаған байланыстары барын алға тартты.

"Біз кім, қайда, қашан Януковичті биліктен кетіру үшін кездескенін, қалай қолдау көрсеткенін, қанша төлегенін, қалай дайындалғандарын, қай елде, қай аймақта болғандарын, нұсқаушылары кім екенін де жақсы білеміз. Біз бәрінен хабардармыз. Негізінен біздің америкалық серіктестер мұны жасырмайтын да болған", — дейді Путин.

Ресей президенті сұхбат барысында Сирияға ресейліктердің араласуы мәселесін де айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/903893-putin-burynghy-ksro-elderinde-daulard.html