RU

Cабина Алтынбекова әлемдегі ең сұлу спортшы арулардың тізіміне енді

Испанияның Multideportes басылымы әлемдегі ең сұлу 11 спортшы қыздың тізімін жасады. Тізімде жерлесіміз Сабина Алтынбекова да бар деп жазды baistars.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Портал Алтынбекованы азиялық ақпарат құралдарының кең талқылағанын атап өтті. Ақпарат құралының мәліметінше, жанкүйерлер оның ойынына емес, сыртқы келбетіне мән береді екен. Дегенмен портал тілшілері мұндай жағдай спорт үшін таңсық емес екенін алға тартты.

Ең сұлу 11 спортшы арудың тізіміне кіргендер:

Гольфші Пэйдж Спиринак

Теннисші Каролин Возняцки

Автошабандоз Кармен Жорда

Футболдан АҚШ қақпашысы Хоуп Соло

Хоккейші Эллен Хог

Биа және Бранка Ферес

Баскетболшы, «Италия аруы» Алис Сабатини

Волейболшы Жаклин Карвальо

Теннисші Анна Иванович

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/904143-cabina-altynbekova-alemdegi-enh-sulu-sp.html