RU

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның жаңа бас директоры тағайындалды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев ҚМГ БӨ-нің бас директоры (басқарма төрағасы) болып сайланды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Есқазиев мырза бұған дейін ҚМГ БӨ-нің негізгі өндірістік активтерінің бірі «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы Кристофер Хопкинсон жаңа бас директорды таныстырды.

«Есқазиев мырзаның жаңа технологияларды енгізу мен өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерінде мол тәжірибесі бар. «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры болған сегіз айдың ішінде ол компанияда жаңа жобаларды сәтті іске асырды. Біз Есқазиев мырза өзінің кәсіби біліктілігі мен оң тәжірибесін ҚМГ БӨ компаниялар тобының игілігіне жемісті пайдаланады деп күтеміз», - деді Кристофер Хопкинсон.

Сол күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Компания ұжымына жаңа бас директорды таныстырды. Компанияның жаңа басшысы ҚМГ БӨ-нің өндірістік және қаржылық тиімділігін мейлінше арттыруды мақсат еткен даму бағытын ұстанатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/904167-qazmunaygaz-barlau-ondiru-aq-nynh-zh.html