RU

БАҚ: Беделді шенеуніктің ұлы үйлену тойында достарымен бірге жол ережесін өрескел бұзған

Жақында әлеуметтік желілерге қазақстандық жүргізушілердің жол тәртібін өрескел бұзған видеолары жүктелді. Оның бірі Астана қаласында той кезінде болса, екіншіcі Алматыда орын алған.

Астананың "Хан шатыр" маңында той кортежіндегі көліктер артымен жүреміз деп полицейлердің әрі куәгерлердің назарына ілікті.

Көлік иелері осылайша өздерінің өмірімен қоса, өзгелерге де қауіп төндіретінін қаперіне де ілмейтін сыңайлы. Той кортежі жүріп өуті үшін қаладағы орталық көшелердің бірін жауып тастаған. Ratel.kz хабарлауынша, жол ережесі ІІД әкімшілік полиция комитетінің басшысы Бақытжан Балташевтың ұлының үйлену тойында өрескел бұзылған.

Ал Алматыдағы жол тәртібін бұзған жүргізушілердің әрекеті тіптен жаға ұстатады. Көліктер кептеліске қарамай, алға басып озып, жолдың қақ ортасында қауіпті дрифт жасайды. Осылайша артта келе жатқан көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді.

Видеоны көргендердің дені оларды жауапқа тарту керек деген пікір қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/904416-qazaqstandaghy-zhurgizushilerdinh-zhol-t.html