RU

Отандық әуе компаниялар ICAO-ның қара тізімінен шығарылуы мүмкін

Елімізде азаматтық авиацияның ICAO стандарттарына сәйкестігін 64-тен 80%-ға дейін жоғарылату көзделіп отыр. Ол үшін алдымен отандық әуе компанияларын ICAO-ның қара тізімінен шығару қажет.

Бұл туралы сенаттың комитет отырысында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Айта кетейік бұл тізімнен осыдан 2 жыл бұрын Air Astana компаниясы шыққан болатын.

Ал жуырда ашылған Qazaq Air халықаралық талаптарға толығымен сай келеді. Әрі билеттер құны өзге компаниялармен салыстырғанда шамамен 2 есе төмен. Әзірге Алматы-Астана бағыттарында қатынайды. Жақын арада Талдықорғанға да жаңа рейс ашылмақ.

Сондай-ақ әуежайларды қайта жөндеуден өткізу жұмыстары да жүріп жатыр.

"1 ай ішінде Орал ауежайын реконструкциялау жұмыстарын бітіреміз. Биыл Петропавлда жұмыстарды бастадық. Ол келер жылы бітеді. Астанада да биыл басталды. EXPO-ның алдында жаңа әуежай салынады. Алматы әуежайы бойынша қазір үлкен жиналыстар өтіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін шешім болады. Жаңа аэропорт салынады ма? Салынбайды ма? Осыны ақылдасып жатырмыз", - дейді Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/904534-otandyq-aue-kompaniyalar-icao-nynh-qara-tiz.html