RU

Қазақ шенеунігі Бішкектегі саунада жезөкшелермен көңіл көтеріп отырған жерінде ұсталды

Қазақ шенеунігі Бішкектегі саунада жезөкшелермен көңіл көтеріп отырған жерінде ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

https://youtu.be/TJ8g9XB7kBQ

Жартылай жалаңаш күйінде жеңіл жүрісті  қыздарды құшып отырғандардың арасынан интернет қолданушылары отандық экс-шенеуніктердің бірін танып қалған.

Әуретті жерін орамалмен жауып отырған азамат өзін Нұрлан Нұрғазинмін деп таныстырған. Ал ол 2006 жылы Мәдениет министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болғанын айта кетейік.

Қырғыз басылымдарының жазуынша, Нұрғазин бір топ үзеңгілестерімен Қырғызстандағы парламент сайлауы қарсаңында жергілікті партиялардың бірін қаржыландыруға келген. Бірақ әріптестерімен саунада жезөкшелермен тынығып отырған экс-шенеунік өзін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырады.

Әрі Бішкекке саяси науқан үшін емес, көңіл көтеруге келгенін айтып ақталуда. Саунадан Бішкектің Ішкі Істер бөліміне жеткізілген Нұрғазиннің  портфелінен 15 мың доллар шықты. Ол бұл соманы тиын-тебен ғана деп түсіндірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/904893-qazaq-sayasatkeri-bishkektegi-saunada.html