RU

Хакерлер Василий Уткиннің аккаунтын бұзып, "Астанадан" "кешірім сұратты"

Ресейлік спорт комментаторы Василий Уткин мен "Астана" футбол клубы арасындағы дау-дамай жалғасын тапты деп жазады Nur.kz.

Белгісіз біреулер ресейліктің Prosport-online.ru сайтындағы аккаунтын бұзып, оның атынан кешірім сұраған жазба қалдырған.

"Мен ресми түрде "Астана" клубынан және құрметті қазақстандықтардан кешірім сұраймын! Твиттердегі жазбам эмоцияға берілген күйде жарияланған болатын. Алға Қазақстан!" - деп жазылған Уткиннің хабарламасында.

Осыдан кейін Уткин өз Твиттер аккаунтында кешірім сұрамағанын, белгісіз біреулер сайтын бұзып, оның атынан жазба қалдырғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, жақында Василий Уткин «қазақ футболшыларына сенбеу керек, өйткені оны кілең осырақтар басқарады» деп жазған болатын. Осыдан кейін миллиондаған жанкүйер ресейлік комментаторды жерден алып жерге салды.

Кейін белгілі болғандай Василий Уткин «Астана» мен «Галатасарай» командаларының кездесуін жүргізуге ұсыныс жасаған екен. Алайда елордалық команда бұған келіспепті деп жазады КТК арнасы.

Осыған ызаланса керек, спорт тілшісі мыңдаған шақырымда отырып бар ашуын ғаламтор арқылы білдірген. Ал «Астана» клубы Василий Уткиннен кешірім талап етіп отыр.

Алайда конференция кезінде Уткин "мұндай сатқындардан" кешірім сұрауға ниетті емес екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/905978-khakerler-vasiliy-utkinninh-akkauntyn.html