RU

Қостанай облысында кадрлық тағайындаулар жалғасты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жітіқара ауданының жаңа әкімін сайлады. Мейрам Өтешовтың өз еркімен қызметтен босауына байланысты, Ұзынкөл ауданына басшылық етіп келген Абай Ибраев Жітіқара ауданының әкімі болып тағайындалды деп жазды Алау порталы.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Марат Жүндібаевтың орнына, Лисаков қаласының әкімі болып Алмат Исмағұлов тағайындалды.

Исмағұлов 1979 жылы дүниеге келіп, 2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің экономика және менеджмент мамандығын тәмамдаған.

2013 жылдан бері Қарабалық ауданының әкімі лауазымында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/906152-qostanay-oblysynda-kadrlyq-taghayynd.html