RU

АҚШ Құндызды басып алған тәліптерге әуеден соққы жасады

Ауған қауіпсіздік күштері Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясындағы билікті қолға алмаққа талпыныс жасап жатыр.

Еске сала кетейік, сейсенбіге қараған түні Құндыз қаласы «Талибан» қозғалысы содырларының жаппай шабуылына ұшыраған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметтерінше, тәліптер қалаға кіріп, Құндыздың ортасында күш құрылымдарының қызметкерлеріне шабуылдады. Бұдан басқа, олар провинциялық орталықтан негізгі шығу жолдары мен әуежайға баратын жолды қоршап тастады. Дереккөздердің хабарлауынша, «Талибанның» бұл шабуылы ұйымдастырушылығымен және қатысушы адамдардың көп санымен ерекшеленіп отыр.

Талибтардың жаңа көшбасшысы молла Ахтар Мансұр жергілікті тұрғындарды «ештеңеден қорықпауға» шақырды. Сондай-ақ ол Кабулдан өзінің жеңілгенін мойындауға шақырды.

Құндыз қаласы орталығының құлауы сейсенбі күні билік басында жүргеніне бір жыл толуын атап өткен АИМ президенті Ашраф Ғанидің үкіметі үшін күрделі соққы болып отыр.

Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі үкімет әскерінің жақын уақытта қаланы содырлардан ұрыспен қайтарып алатынын мәлімдеді. Олай болғанымен, ауғандық БАҚ өткен түнде Кабулдың қауіпсіздік күштерінің әуежайда болып, әскери іс-қимылдарға кіріспегенін хабарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/906263-aqsh-qundyzdy-basyp-alghan-talipterge.html