RU

Алматыда 73 жолаушы заңсыз қару тасығаны үшін ұшақтан түсірілді

Алматы әуежайында заңсыз электрошокер тасымалдаушылардың қарасы күннен күнге көбейіп барады. Полицейлер жыл басынан бері электрлі қаруды заңсыз алып жүрген 73 адамды ұстаған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ұсталғандардың барлығының қолындағы электрошокер қарапайым ғана қолшамның (фонариктің) артында орналасқан. Осындай электр қарумен ұсталған азаматтарды полиция діттеген жеріне жібермей тексерістің астына алды. Ал жолаушылар болса электрошокерді рұқсатсыз қолдануға тыйым салынған заңнан хабарсыз екенін айтып ақталды.

Полицейлер электрошокерді заңсыз алып жүргендердің күн сайын 2-3-уін ұстайтынын айтады. Сонымен қатар әуежайда суық қару ұстап жүретіндер де көбейіп кеткен. Бұған себеп халықтың заңды білмеуінен дейді мамандар.

Әуежайда электрошокермен ұсталғандардың үстінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді. Әрі оларға 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/906320-almatylyq-73-zholaushy-zanhsyz-qrau-tasygha.html