RU

Германияда өлі саналып келген әйел 31 жылдан кейін табылды

Германияда кісі өлтіру қылмысының құрбаны болған әйелдің 31 жылдан кейін тірі екені анықталды.

Неміс полициясы 1989 жылы өлді деп жүрген әйел шын мәнінде тірі болып шықты. Ол 1984 жылы университеттен шығып кетіп, үйіне оралмаған. 5 жылдық іздеу жұмыстарынан кейін оны өлгендер қатарына қосқан, деп жазады Bild-ке сілтеме жасап «Интерфакс».

Келіншек банктағы есепшотынан ақшасын түгел алып, өмірін жаңа парақтан бастауға шешім қабылдаған екен. Туған-туыстары осыншама жыл бойы оны өлді деп келген, ал оның тірі екені анықталғанда әйел туыстарымен жүздесуден бас тартқан.

Полиция әйелді кездейсоқ Дюссельдорф қаласындағы ұрлау ісін тергеу кезінде тауып отыр. 55 жастағы әйел пәтерді қандай да бір құжатсыз жалға алған.

Тіпті оның жеке басын куәландыратын құжаты да болмаған. Кейін ол полицияға көп жылдан бері басқа адамның есімін алып, өмір сүріп жатқанын айтқан. Бір қызығы, қылмысқа кінәлі күдікті де ұсталып, ол тағылған айыптарын мойындаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/906959-germaniyada-oli-sanalyp-kelgen-ayel-31-zhy.html