RU

Қостанайда 17 жастағы жасөспірім өзін бір жасында тастап кеткен анасын іздеп тапты (фото)

17 жастағы Қостанай тұрғыны Ксения Ликина өз анасын 16 жылдан кейін «Говорим и показываем» телебағдарламасы арқылы тауып алды. Әйел туған қызын 1 жасында тастап кеткен.

Ксюша өз анасынан туған күнінде айырылды деп хабарлайды НТВ. Сол күні бірге толған Ксенияны әжесі алып қалады.

Әжесі қыз балаға анасының дүкенге кеткелі қайтып келмегенін айтумен болған. Шын мәнісінде Екатеринаға немересін қалдырып кетуін әжесінің өзі сұрап алған екен.

Үш жылдан кейін Ксенияның әжесі қайтыс болып, қыз бала әкесі мен атасының қолында қалады. Алайда көп ұзамай әкесі түрмеге қамалып, ал атасы оны балалар үйіне өткізіп тастайды. Сол кезде Ксения бірінші сыныпта оқитын.

Ксения балалар үйінде 16 жасқа дейін тәрбиеленіп, атасының туған ағасы оған колледже аспаздық мамандығын алуға қол ұшын береді.

Екатерина Найманованы бағдарламаға жақындары іздестіріп жатқанын айтып, шақырған. Алайда Екатерина онда қызы күтіп тұрғанын білмеген. Студияға келген әйел өз қызы туралы ештеңе білмегендіктен, оны танымады. Найманова осы уақытқа дейін екі ұлын тәрбиелеп келген.

«Мен 3-4 сыныпта көшеде "мамалап" жүрген қыз балаларды көрген сайын қатты ренжитінмін. Себебі менде анам болмады», – дейді Ксения.

Екатерина Ксюшаға жүкті болғанда түсік тастатқысы келгенін жасырмады.

Ксенияның ағасы Ян қарындасы барын біліп жүрген. Ол Ксюшаның әжесі мен атасының қолында екенінен ғана хабардар болған. Жаңа туысын тапқан Ян ендігі қарындасына қолдау көрсетіп жүруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/907132-qostanayda-17-zhastaghy-zhasospirim-ozin-b.html